Алматыда жол апатынан 17 жастағы бойжеткен қайтыс болды (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда жол апатынан он жеті жастағы бойжеткен қаза тауып, тағы бір адам зардап шекті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жол көлік оқиғасы өткен түні Сүйінбай даңғылында болған.
"BMW жүргізушісі даңғылмен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалуы мүмкін. Осыдан кейін көлік жолдан шығып, алдымен ағашқа, содан соң жарық бағанасына соғылған", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жол апаты салдарынан 17 жастығы қыз көз жұмған. Ол жолаушы орындығында болған. Ал ауыр жарақат алған 19 жастағы көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007143-almatyda-zol-apatynan-17-zastagy-aru-qaitys-boldy-video/