Павлодарда автобус пен екі көлік соқтығысты
Жарияланған күні:
Павлодарда автобус пен екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
Жол-көлік оқиғасы Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойындағы жолда 27 қаңтарда болған.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты таңдамай, Chevrolet Nexia маркалы көлігімен соқтығысқан.
"Темір тұлпар қатты соққыдан Toyota Estima маркалы көлікке соғылған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007149-pavlodarda-avtobus-pen-eki-kolik-soqtygysty/