jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Павлодар қаласының әкімі үйілген қоқысты шығармаған жауаптыларға шүйлікті (видео)

қоқыс
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласының әкімі үйілген қоқысты шығармаған жауаптыларға шүйлікті. Сонымен қатар шаһар басшысы қар тазалау жұмыстарындағы кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов кеше, 27-қаңтарда өңір орталығын аралаған.

Шаһар басшысы жұмыс сапары кезінде ірі көлемді қоқысты шығару және қар тазалау жұмысында бірқатар кемшілік бар екенін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Ержан Иманзаипов ғимараттардың сәулеттік келбетіне ерекше назар аударып, сәулет бөліміне нысандардың қасбеттерін, сондай-ақ, оларда орналастырылған жарнамалық белгілерді дұрыстауды тапсырды.

"Кәсіпкерлік бөлімге полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бизнес нысандарына тиісті аумақтардың тазалығына мониторинг жүргізіп, тазаланбаған жағдайда ескерту беру тапсырмасы берілді", - делінген хабарламада.

Павлодар қаласының әкімі үйілген қоқысты шығармаған жауаптыларға шүйлікті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.