Top.Mail.Ru

Зектілері

"Марқұмның денесі аулада екі күн жатқан": Оралда танысын өлтірген тұрғын полицияға өзі келді

Жарияланған күні:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орал қаласында танысын өлтірген тұрғын полицияға өзі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Орал қалалық полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні болған қылмысты ашты.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, сол күні 1966 және 1970 жылғы екі таныс бірге арақ ішкен. Содан кейін 1966 жылғы тұрғынның үйіне келген. Ішімдік ішу барысында жанжал шығып, олар аулаға шығып, төбелескен.

"Үйдің иесі құлап қалған кезде 1970 жылғы ер адам оқиға орнынан бой тасалаған. Аула биік қоршаумен қоршалғандықтан, көршілер ештеңе көрмеген. Сондықтан марқұмның денесі аулада екі күн жатып қалған.

26 қаңтар күні күдікті полицияға өзі келіп, оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оқиға орнын қарау, дәлелдемелерді жинау барысында оның кісі өліміне қатыстылығы анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007159-marqumnyn-denesi-aulada-eki-kun-zatqan-oralda-tanysyn-oltirgen-turgyn-policiyaga-ozi-keldi/