jitsu gif
Оқыс оқиға

    Абай облысында түрмедегі әйелдің өтінішінен кейін полицейлер оның анасын үйінен өлі күйінде тапты

    Әйел емханада
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Абай облысында колонияда жазасын өтеуші әйелдің өтінішінен кейін полицейлер оның анасының мәйітін тапты. Сараптама жалғызбасты әйелдің пешті абайсыз пайдалану салдарынан қайтыс болғанын анықтаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне өңірдің Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Сотталушы анасымен үнемі таксофон арқылы хабарласып тұрған, соңғы рет хабар ала алмаған соң бірден дабыл қаққан.

    "Бізге сотталушы хабарласып, анасымен телефон арқылы байланыса алмай қалғанын айтты. Анасы мүгедек, жалғыз тұрады. Біз сотталғаның анасы тұратын Шемонаиха ауданындағы әріптестерімізге хабарласып, мекенжайы бойынша анықтауды сұрадық.

    18 мекеменің қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерімен бірге мекенжайы бойынша барды, бірақ есік ішінен жабық болды, қаққан дыбысқа ешкім жауап бермегендіктен, есікті бұзуға мәжбүр болды. Үйде төсек үстінде жатқан әйелдің денесін тапты", - дейді мекеме басшысының орынбасары Ернат Байжүменов.

    Мекеме әкімшілігі сотталғанға анасының қайтыс болғанын хабарлап, жерлеуге көмек көрсетті. Сараптама әйелдің пешті абайсыз пайдалану салдарынан қайтыс болғанын анықтаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.