Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру: Ішкі істер министрлігі соңғы деректі ұсынды
Жарияланған күні:
![көлік көлік](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/32317047e03f8e22.jpeg)
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты соңғы деректі ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі POLISIA.KZ Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Осы уақытқа дейін 25 842 өтінім мақұлданды. 5 375 адам көліктерін сәтті заңдастырып, құжатын алды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатын болады.
Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер:
- Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
- Криминалдық есепте болмауы керек;
- Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тексерістен өтуі қажет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007170-elimizde-seteldik-kolikterdi-zandastyru-iski-ister-ministrligi-songy-derekti-usyndy/