Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды

Жарияланған күні:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Елордада жолдың ортасында ұйықтап қалған мас жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS көлігі байқалған. Аталған көлік тәртіп сақшыларының күдігін туғызған.

Медициналық  тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес іс қозғалған.

Сонымен қатар ер адам әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007171-elordada-zoldyn-ortasynda-uiyqtap-qalgan-mas-zurgizusi-zazalandy/