Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақпан айында елді қандай өзгерістер күтіп тұр

Жарияланған күні:

Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын
Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 ақпаннан бастап елде бірқатар өзгеріс болмақ. Келер айда ауылшаруашылығы саласына қатысты субсидияға өтініш беру, киік атуға рұқсат, жаңа әуе рейстерінің ашылуы сынды жаңалықтармен қатар Алматыда ЕАЭО-ға мүше бес мемлекеттің үкімет басшылары бас қосады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шаруаларға субсидия алу үшін арнайы порталда өтінім қабылдау басталады

Олар өз өтінімін 1 ақпаннан бастап gosagro.kz веб-порталына кіріп бере алады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы Qoldau.kz порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық мәлімет алынған.

Киік атуға ғылыми-зерттеу мақсатында рұқсат берілмек

Биыл 15 ақпаннан бастап бір жыл бойы ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрықты ашық талқыға шығарған. Бұл норма 2023 жылдың 15 ақпанынан келер жылдың 15 ақпанына дейінгі аралықта аң аулау кезеңінде қолданылады. Ғылыми мақсатта Қазақстанның 4 облысы аумағында 1 815 киікті атуға рұқсат берілмек.

Жаңа әуе рейстері ашылады

1 ақпаннан бастап Аэрофлот әуе компаниясының Airbus A320 ұшақтары Астана, Алматы және Атырауға қатынауды қайта бастайды. Билеттер ашық сатылымға шықты.

Аталған авиакомпания елордаға күнделікті екі рейс, Алматыға үш рейс және Атырауға басында екі рейс, наурыздан бастап тағы бір рейс қосуды жоспарлап отыр.

Алматыға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің премьер-министрлері келеді

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше бес елдің премьер-министрлері 2-3 ақпанда Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.

Іс-шараға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшыларымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады. Отырысқа ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы, Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басшылары да шақырылған.

V Халықаралық "Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік" цифрлық форумы өтеді

2-3 ақпанда Алматыда өтетін форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. Digital Almaty-ға әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007259-aqpan-aiynda-eldi-qandai-ozgerister-kutip-tur/