ІІМ қанша ел азаматы шетелдік көлігін заңдастырғанын айтты
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның брифингінде қазіргі уақытқа дейін неше шетелдік көлік заңдастырылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бүгінде автокөлікті заңдастыру бойынша 28 мыңнан астам қазақстандықтың өтініші мақұлданды. Қазіргі таңда 5,5 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен мемлекеттік нөмір алды", – дейді Шұғыла Тұрлыбек.
Ол сондай-ақ шетелдік көлікті заңдастыру үшін ХҚКО және "Электрондық үкімет" порталы арқылы өтінім беруге болатынын еске салды.
Тіркеуден өткеннен кейін, автокөлік иесіне қазақстандық техпаспорт пен заңдастырылған көліктің мемлекеттік нөмірі беріледі.
Айта кетейік, 23 қаңтарда елімізде Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.
Осы орайда, Ішкі істер министрлігі заңдастыруға қатысты басты шарттарды қазақстандықтардың есіне салған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007309-iim-qansa-el-azamaty-seteldik-koligin-zandastyrganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.