Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салып жатқан үйімді аяқтап, несиемді жабамын": Ақтөбе облысының тұрғыны лотереяда 5,9 млн теңге ұтып алды

Жарияланған күні:

Satty Zhuldyz
Фото: Satty Zhuldyz

Отандастарының жетістігін көріп, шабыттанған Ақтөбе облысы Қос-Естек ауылының тұрғыны Александр Мамакин өзі де TeleBingo тиражды лотереясына қатыспақ болады. Алайда ұтыстан қанша үмітті болғанымен, дәл сол күні ірі сомаға қол жеткізгеніне сене алмаған, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Александр Мамакин лотерея әділ өтетінін және қазақстандықтар шын мәнінде қомақты ақша ұтып алып жатқанын естіп, бағын сынап көрмек болған. Төрт баланың әкесі Ақтөбе облысы, Қос -Естек ауылында тұрады. Тау-кен өндірісі саласындағы кәсіпорында вахталық әдіспен жұмыс істейді.

"Лотерея билеттерін 2022 жылы қараша айынан бастап сатып ала бастадым. Бастапқыда менің бұл қадамымды жұбайым құптамады, бірақ мен билетке көп ақша жұмсамайтынымды түсіндірдім. Аптасына бір мәрте 500 теңге жаратуды қалтам көтереді. Ал соңында бұл салым өзін-өзі ақтады", - дейді Александр.

Басында Александр арнайы, "жолы болғыш" сандары бар лотерея билеттерін алып жүрді. Өзінің, жұбайының, балаларының туған күнінің сандарын таңдаған. Алайда ұтысы бар "сәтті" билетті Александр жай ала салған. Арнайы таңдамаған.

"Маған билетімнің ұтысы бар болып шыққаны және жеке кабинетіме кіру керектігі жөнінде хабарлама келді. Сайтты ашып, соманы көрген кезде 50 мың теңгеден сәл асатын соманы ұтып алдым деп ойладым. Қуандым, әрине. Бірақ артынша ұтып алған сома бұдан анағұрлым көп екенін түсіндім. Қандай да қате кеткен болар деп ойладым. Ұтыс мұншалықты ірі болуы мүмкін емес деп те ойладым. Бірақ, шын мәнінде бәрі де мүмкін. Мен расымен 5,9 млн теңге ұтып алдым!", — дейді Александр Мамакин.

Ер адамның айтуынша, ұтысқа ол дәл керек кезде қол жеткізген. Александр қазір отбасына арнап үй салып жатыр. Баспананың іргетасы құйылып, қабырғасын да көтеріп қойған. Енді әрлеу жұмыстарын жасау керек.

"Бұл ұтыс болмаса, онда үйімізді толықтай үш жылдан кейін ғана аяқтар едік деп ойлаймын. Қайта-қайта ақша салып отырар едік. Ал қазір мен үйімізді биыл бітірем деп үміттенемін.

Басымызда бірнеше несие бар, осы ұтыстың көмегімен оларды да жауып тастамақпыз. Осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын", - дейді ол.

Александрдың сөзінше, мұны көріп, туыстары мен достары да шабыттанып, Satty Zhuldyz лотереясына қатысуға ниеттеніп отыр.

"Айналамдағылардың ең қомақты ұтысы – 20 мың теңге. Енді өз мысалыма қарап, барлығы шынайы екеніне көзім жетті. Сәттілік кез келген жанға серік бола алады. Лотереяға бұдан былай да қатыса бермекпін. Енді жарым да мені қолдап отыр. Тұрақты түрде қатысамыз дейді. Туыстар мен достар да ұтыс иеленуде бағын сынап көрмекші", - дейді Александр.

Satty Zhuldyz
Фото: Satty Zhuldyz

Одан бөлек, "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы "Әр апта сайын миллионер" науқанын іске қосты. Оның аясында әр жексенбі күні 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар, iPhone 14 және миллион ойнатылады. Қатысу үшін 3 000 теңгеге тиражды және лездік лотерея билетін сатып алып, чек нөмерін тіркеу қажет.

Сонымен бірге 1 ақпаннан бастап "5/36" тиражды лотереясы күн сайын сағат 21:00-де ойнатылады. Қазақстандықтардың ірі көлемдегі ақша ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл үшін «5/36» билеттерін сатып алу керек. Билет құны 400-ақ теңге. Ал бас жүлде 40 млн теңгеден асады.

Қомақты ақша ұтып алып, өмірін өзгерту мүмкіндігі әр қазақстандықта бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007555-salyp-zatqan-uiimdi-ayaqtap-nesiemdi-zabamyn-aqtobe-oblysynyn-turgyny-lotereyada-59-mln-tenge-utyp-aldy/