Алматылық полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен курьер жігітті құтқарып қалды
Жарияланған күні:
Алматылық полицейлер Шымбұлақта сайға құлап кеткен жігітті құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпараттық медиа порталдың жазуынша, кешкі сағат 19:00 шамасында "102" арнасына бір жігіт телефон соғып, тауда жүргенде сайға құлап кеткенін, өздігінен шыға алмай қалғанын хабарлаған.
Ол дереу ЖБО операторына өзінің орналасқан жерін жіберіп, ұялы телефонында бір пайыз қуаты қалғанын айтқан.
"Дабылды хабарға бірінші болып біздің әріптесіміз – полицей Әнуар Қашыбаев жауап берді. Бір минуттан кейін әріптесім, учаскелік аға инспектор – Дархан Сары екеуміз дер кезінде жеттік. Іздеуді бастадық. Қараңғы батып кетті, тек дыбыстарға мән бердік. Бір кезде көмек сұраған дауыстарды естідік, ол төменнен шығып жатты. Сол жерге жақын маңда мопед тұрды", - дейді 3-УПП-нің учаскелік инспекторы Асхат Рысбеков.
Оның сөзінше, жас жігіт абайсызда сайға құлап, бұрын құлаған шыршалардың бұтақтарынан ұстап қалған. Сондай-ақ ол қатты тоңып қалған.
"Біз оның қасына түстік, жылыту үшін киімдерімізді үстіне жаптық, арнайы құтқару құралдарының көмегімен жоғары қарай көтердік. Содан кейін оны ары қарай тексерілу үшін ауруханаға жеткіздік", - дейді Асхат Рысбеков.
Жігіттің курьер болып жұмыс істейтіні анықталған. Ол сол күні кешке тау ауасымен тыныстау үшін шатқалға шығып, абайсызда құлап кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007839-almatylyq-policeiler-symbulaqta-saiga-qulap-ketken-kurer-zigitti-qutqaryp-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.