Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мұнайшы Грузия үкіметінің кеңесшісі болды

Опубликовано:

Жақып Марабаев пен Леван Давиташвили
Жақып Марабаев пен Леван Давиташвили. Фото: Еconomy.ge

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі болды. Ол Грузияның Экономика министрлігіне ұлттық мұнай-газ стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес беретін болады. Бұл туралы шетелдік министрліктің ресми сайтындағы хабарламада айтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігі бұл стратегияны әзірлеуге үздік жергілікті мамандар мен халықаралық сарапшылар тартылғанын атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, солардың бірі - Жақып Марабаев.

"Биыл 30 қаңтарда Грузияның энергетикалық кешені басшыларының қатысуымен Грузияның вице-премьер-министрі, Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвили халықаралық сарапшы Жақып Марабаевпен консультациялық қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды.

Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі ретінде ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынас жасау және геологиялық зерттеулерді жаңарту бойынша кеңес береді", – деп хабарлады ведомстводан.

Жақып Марабаев пен Леван Давиташвили келісімшартқа қол қоюда
Жақып Марабаев пен Леван Давиташвили келісімшартқа қол қоюда. Фото: Еconomy.ge

Министрлік Жақып Марабаевтың тәжірибелі басқарушы, Қазақстанның және Еуразия өңірінің мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарда 40 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман екенін атап өтті.

"Оның докторлық дәрежесі бар. Экономика ғылымының кандидаты, тау-кен ісі магистрі, техникалық лауазымдарда практикалық жұмыс тәжірибесі мол. Ол Қазақстан Республикасындағы аса маңызды энергетикалық жобаларға кеңес беріп, жетекшілік еткен.

Ол әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың Қазақстандағы, сонымен бірге шетелдегі жоғары басшылығымен тығыз жұмыс істеген және елдегі бірлескен кәсіпорындардың дамуындағы басты қозғаушы күш болған", – деп толықтырды Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігі.

Ведомствода Жақып Марабаевтың Totalenergies компаниясының топ-менеджменті құрамында басшыларды даярлаудың халықаралық бағдарламасынан өткенін және Францияда, Ұлыбритания мен Африкада екі жыл жұмыс істегенін еске салды.

Осы кезеңде ол коммерциялық және техникалық мәселелер бойынша стратегиялық шешімдер қабылдауға, сондай-ақ Францияның INSEAD институтында басқарушы персоналды оқытуға қатысқан және француз мұнай институтында (IFP) басқарушыларға арналған MBA курсын сәтті аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007955-qazaqstandyq-munaisy-gruziya-ukimetinin-kenessisi-boldy/

pixel