Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тараз қаласындағы Студенттер үйіне барды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйінде
Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйінде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Студенттер үйінде оқу орнының оқытушылармен және студенттермен кездесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Кездесу барысында институт ректоры Ерболат Саурықов президентке оқу орнының маман даярлау ісіндегі жетістіктері мен алдағы даму жоспарын таныстырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің білім саласына айрықша мән беріп отырғанын атап өтіп, бүгінде білім аламын деген адамға мүмкіндік мол екенін айтты.

"Еліміздің болашағы – жастар. Жаңа буын, жаңа толқын өсіп келеді. Білім алу өте маңызды. Абайша айтқанда, "толық адам" дегеніміз – ойы ұшқыр, зерек, білімге құштар адам. Әр нәрседе қанағат болуы керек. Бірақ білімге келгенде, қанағат болмауы керек. Әрдайым іздену керек. Еліміздің болашақта дамып, көркейген елге айналуы, алдымен, сіздерге байланысты. Біз сіздерге сенеміз, үлкен үміт артамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!", – дейді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2019 жылы бұрынғы "Тараз" қонақ үйі реконструкцияланып, студенттер жатақханасы ретінде қайта жасақталған еді. Қазір бұл жатақханада 500 студент тұрады. Оларға барлық жағдай жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007958-memleket-bassysy-taraz-qalasyndagy-studentter-uiine-bardy-foto-video/