Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде

Опубликовано:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі қарауда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласы жер комиссиясының шешімімен қала тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз алмастыру жүргізілгені анықталған.

"Жер учаскелерін негізсіз алмастыру нәтижесінде мемлекетке 238 млн теңге көлемінде залал келтірілді.

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынды", - деп хабардар етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Антикор тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007985-taraz-qalasy-akimdiginin-buryngy-lauazymdy-tulgalaryna-qatysty-tergeu-zurgizilude/

pixel