Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көмекшілерім сөмкемді көтерген жоқ": Аймағамбетов министр кезінде қандай басшы болды

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің қандай басшы болғанын айтты. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлім еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Министрліктен кеткен соң, өмірім айтарлықтай өзгерген жоқ. Себебі бұл мемлекеттік қызмет және мен мұның қандай екенін білемін. Жұмыстың бәрін тек бір министр атқарып жатқан жоқ. Бұл - үлкен жүйе және мұнда көп адам қызмет етеді. Әрине, теледидарға сұхбат беріп, ел алдына жиі шығатын болған соң, көпшілігі министрді жақсы таниды. Десе де, қызметтен кеткен соң менде еш өкініш жоқ. Өмірім де сол баяғыдай. Дүкенге, балабақшаға барамын.

Биліктен кеткен соң айналамдағы адамдардың қарым-қатынасы да өзгерген жоқ. Мүмкін, тек жұмыс бойынша араласып, менің құзыретімдегі жағдайларға қатысты адамдармен бұрынғыдай қарым-қатынас жасамайтын шығармын. Қалғанының бәрі орнында.

Айтарлықтай адаптация сезініп жатқан жоқпын. Министр кезімде жұмыстан кешігетін болсам, көлік жүргізушімді қайтарып, таксимен қайта салатынмын. Оның да отбасы бар дегендей... Тіпті, мен көмекшілеріме портфель, папкамды ұстатып, есікті ашып бер деген адам емеспін. Сондықтан қандай да бір адаптация болып жатыр дей алмаймын. Бәрі де бұрынғы қалпында", - деді экс-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008058-komeksilerim-somkemdi-kotergen-zoq-aimagambetov-ministr-kezinde-qandai-bassy-bolganyn-aitty/

pixel