Түркияға демалысқа баруды жоспарлаған қазақстандықтар не істеуі керек: СІМ жауап берді
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне байланысты қазақстандықтардың сол елге демалысқа бару жоспары қаншалықты қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер СІМ өкілінен Түркияға демалуға ниетті қазақстандықтар не істеуі керек екенін сұраған.
"Табиғат құбылысын болжау мүмкін емес. Сондықтан әр азамат Түркияға аттанарда өз бетінше шешім қабылдап, жағдайды бағалауы керек", - деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ол жағдайға қарамастан Түркияда демалу жоспарынан айнымай отырған қазақстандықтар не істеуі керегін айтты.
"Түркияға барарда елшілік пен консулдықтағы дипломаттарымыздың байланыс телефондарын біліп жүруі керек, қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда олармен дереу хабарлассын, біз барынша көмек көрсетеміз", - деп түйіндеді сөзін спикер.
Еске салайық, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі көршілес Сирия мен Ливанда да сезілді.
Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 912 Түркия тұрғыны және 326 сириялық азамат қаза тапты, зардап шеккендердің арасында Сирия премьер-министрінің әпкесі де бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008253-turkiyaga-demalysqa-barudy-zosparlagan-qazaqstandyqtar-ne-isteui-kerek-sim-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.