Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн 14 градусқа дейін жылынуы мүмкін
Жарияланған күні:
Бүгін, 7 ақпанда Астанада аяз болып, қар жауады. Ал Алматы мен Шымкентте күн райы жылы болмақ. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Метеорологтардың болжамынша, бүгін Астанада күндіз қар жауып, -10...-12 градусқа дейін аяз болады. Ал түнде сынап бағанасы -20...-22 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар елордада жел 3-8 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Синоптиктер Алматы қаласында күн ашық әрі ауа температурасы +5...+7 градус жылы болатынын хабарлады. Ал түнде сынап бағанасы -1...-3 градусты көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің күші секундына 0-5 метрге жетуі ықтимал.
Бүгін Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады деп күтілуде. Күндіз сынап бағаналары +12...+14 градусты, түнде +1...-1 градусты көрсетеді. Дегенмен шаһарда жел 8-13 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008293-bugin-eldegi-megapolisterdin-birinde-kun-14-gradusqa-deiin-zylynuy-mumkin/