Түркістан облысында полиция полковнигіне қатысты тергеу жүргізілуде
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, полиция подполковнигі полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде.
"Кінәсін толық мойындауына және залалды өтеуіне байланысты, лауазымды тұлғаға қатысты сот санкциясымен "үйқамақ" шарасы қолданылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008408-turkistan-oblysynda-policiya-polkovnigine-qatysty-tergeu-zurgizilude/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.