Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 12 мың адамға жұмыспен қамту туралы SMS-хабарлама жіберіледі

Опубликовано:

Ноутбук алдында отырған қыз
Басын ұстап отырған қыз. Көрнекі фото: Рexels.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 13 ақпанда жұмыссыз жүрген 12 мың азаматқа SMS-хабарлама жібереді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, елдегі 12 мыңға жуық жұмыссыз азаматқа жұмыспен қамтуға байланысты SMS-хабарламалар жіберілмек.

"13 ақпанда 23 – 35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңға жуық азаматқа хабарлама жіберу жоспарлануда. SMS олардың барлығына бір уақытта жіберіледі және жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы ақпаратты қамтиды", – дейді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғандықов

Айта кетсек, әрбір қазақстандық еnbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе 1414 call-орталығы арқылы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы кеңестер ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008565-qazaqstanda-12-myn-adamga-zumyspen-qamtu-turaly-sms-xabarlama-ziberiledi/