Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық ТЖД Түркияға баратын еріктілерді жинап жатыр: желіде жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

пернетақта
Пернетақта. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті желідегі парақшасында ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті азаматтар, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Түркия еліне көмек көрсетуге жіберуге елордалық ТЖД еріктілерді жинап жатыр деген ақпарат келіп түсуде. Өз кезегінде, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз! Азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", - дейді ведомство өкілдері.

Астаналық ТЖД қазіргі таңда құрамында тәжірибелі мамандар, кинологтар мен медицина қызметкерлері бар қазақстандық құтқарушылар тобы Түркияның Газиантеп қаласында жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

Бүгін қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы көмек көрсету үшін Түркияға аттанып, Газиантеп қаласына жетті.

Еске сала кетсек, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі көршілер елдерде де оның ішінде Сирияда да сезілді.

Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан Түркияда 9057 адам, Сирияда 1250 адам қаза тапқан.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл - елдегі 1939 жылдан бергі ең үлкен зілзала.

Табиғи апатқа байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланды. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008637-astanalyq-tzd-elordada-turkiyaga-baratyn-eriktiler-toby-zasaqtalyp-zatqany-turaly-aqparat-zalgan/

pixel