Қазақстандық құтқарушылар Түркияда қиранды астынан жеті адамды аман алып шыққан
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою, іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат.
"Бүгінде Қазақстан құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын жалғастыруда. Түркияның Газиантеп және Нұрдағы қаласында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты.
Сонымен қатар 14 мәйіт табылып, шығарылды. Қазір инженерлік жұмыстар жүріп жатыр. Жер сілкінісінен қираған көпқабатты үйлердің үстіңгі бөлігін аршып тазарту жұмысы жалғасуда. Іздеу жұмыстары үйретілген иттердің көмегімен жүзеге асырылуда", - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, құтқарушыларға қажетті жағдай жасалған.
Соңғы деректер бойынша Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 18 мыңнан асты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008969-qazaqstandyq-qutqarusylar-turkiyada-zeti-adamdy-aman-alyp-syqqan/