Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды
Опубликовано:

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 2023 жылдың 10-ақпанында елімізде коронавирус жұқтырған тағы 93 адам тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 406 636-ға жетіп отыр.
Сонымен қатар қазіргі уақытта 1 670 адам коронавирус инфекциясынан (–1 508+ және 162 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 137 пациент стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008995-elimizde-otken-taulikte-qansa-adamnan-covid-19-anyqtaldy/