Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан аумағында жер сілкінді

Опубликовано:

Сейсмограф
Сейсмограф. Фото: adventtr/Getty Images

Бүгін таңда Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қазақстан территориясында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.4;
  • MPV магнитудасы 3.8;
  • Тереңдігі 15 шақырым.
  • МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні кешкісін оңтүстік өңірлерде нақтырақ айтсақ, Шымкент, Тараз қалаларында және Түркістан облысының Темірлан елдімекенінде күші 2-3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Ол кезде жерасты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 628 шақырым жерде орналасқан еді.

Жұма, 10 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында магнитудасы 4,2 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009051-qazaqstan-aumagynda-zer-silkindi/

pixel