Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір кеште 30 тонна көкөніс түсіретін": Бердібек Сапарбаевтың жары бұрынғы әкімнің жастық шағын еске алды

Жарияланған күні:

Бердібек Сапарбаев сұхбат беруде
Бердібек Сапарбаев. Скриншот: "Хабар" арнасы

Белгілі саясаткер, еліміздегі бірнеше облыста әкімдік қызмет атқарған Бердібек Сапарбаев туралы "Хабар" арнасы деректі фильмнің тұсауын кесті. Фильм барысында түрлі лауазымды қызмет атқарған Сапарбаевтың қара жұмыс істеуден де арланбағаны айтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отбасылық өмірі басталған тұста ешбір қиын жұмыстан бас тартпаған Бердібек жайлы оның жұбайы Қалдығайша Сапарбаева айтып берді.

"Тезірек тамағын ішіп, киімін ауыстырады да, плодоконсервный комбинатқа кетіп қалады. Сағат 12-ге дейін жұмыс істейді. Сонда 1 тонна көкөністі түсіріп, сол үшін 50 тиын алатын. Бір кеште 30 тонна көкөніс түсіреді, бұл дегеніңіз - 15 рубль.

Бір күні қатты жаңбыр жауып тұрды. Сол күні ешкім шықпай, жалғыз өзі қант түсірген екен. Ол кездері қанттың қабы да өте қатты болатын, арқасына қатты батыпты. Арқасы қанап кеткен. Күнде бір шелек суымды дайындап отыратын едім, бұл жолы жетпей қалды. Күн тас қараңғы болса да, жолдың арғы бетіне шығып, жүгіріп су алып келдім. "Салқын болса да, құя берші", - деді. Сол кезде көзінен жас парлап жатыр.

"Егер үйім болса, мен осындай жұмыс істейтін бе едім", - деп айтты. Ата-анасынан бір тиын да ақша сұрамай, оларға ауыртпалық салмайтын", - деп еске алды саясаткердің жұбайы.

Бердібек Сапарбаевтың өзі де ата-анасына салмақ түсірмеуге тырысқанын жеткізді.

"Олардың менен өзге жеті баласы бар. Соларды да асырау керек. Әке-шешеме салмақ түсірмейін дедім. Өз отбасымды өзім асырадым", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009122-bir-keste-30-tonna-kokonis-tusiretin-berdibek-saparbaevtyn-zary-buryngy-akimnin-zastyq-sagyn-eske-aldy/