jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қар мен жаңбыр: сәрсенбіде елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Қар жауып тұр
Қар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 15 ақпан, сәрсенбіде Қазақстанның ірі үш қаласы - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндіз сынап бағанасы +3...+5, түнде -3...-5 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ал Астанада қар жауады, -10...-12 градус аяз күтіледі. Түнде күн райы -20...-22 градусқа дейін суытады. Елордада желдің 2-7 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Метеорологтардың болжауынша, Шымкентте жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 8-13 м/с жетеді деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +6...+8 градус жылы, түнде термометр көрсеткіші 0...+2 градусты көрсетеді.

Қар мен жаңбыр: сәрсенбіде елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.