Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні атап өтілуі мүмкін. Осыған қатысты үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Құжатты әзірлеуші ​​– Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалпы саны шамамен 20 мың адамды құрайтыны атап өтілген. Олар Қазақстанның барлық аймағында, соның ішінде ең шалғай аудандарда да жұмыс істейді.

"Алайда бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін тойлауға және мұндай мерекенің болмауына байланысты өздерін кәсіби қоғамдастықтың бір саласына жататынын сезінуге мүмкіндігі жоқ ", - дейді ведомство өкілдері.

Жобаны әзірлеушілер кәсіби мерекелерді тойлаудың әлемдік тәжірибесін зерттеген.

Ведомствоның мәліметінше, Грузияда 2004 жылдан бастап сәуір айының әрбір үшінші жексенбісі қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің күні ретінде тойланады. Әзербайжанда осындай мереке 2017 жылдан бері тойланып келеді екен. Оңтүстік Корея 24 маусымда электронды үкімет күнін атап өтеді.

"Кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіпқой қауымдастықтың бір саласына жататынын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді", - деп есептейді қаулы жобасының авторлары.

Қаулы жобасын жүзеге асыруға қаржылық шығын қажет емес екенін атап өтілген.

Жобаны қоғамдық талқылау 2023 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009504-qazaqstanda-zana-mereke-paida-boluy-mumkin/

pixel