Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы түскі асқа берген ақшаға Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге макарон сатып алған оқушы марапатталды (фото, видео)

Опубликовано:

Шымкент әкімі Павел Падровты марапаттауда
Шымкент әкімі Павел Падровты марапаттауда. Фото: Instagram.com/murat__aitenov

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келіп, өзінің игі ісімен желі қолданушыларының алғысына бөленген оқушыны марапаттады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткен 13 жастағы Павел Падровты қабылдадым.

5-ші сынып оқушысы күнделікті мектепте түскі асқа жұмсайтын қаражатына азық-түлік сатып алып, гуманитарлық көмек жиналатын қоймаға жеткізген.

Қайырымдылық шараға өз үлесін қосқан жеткіншекке алғысымды білдіріп, анасы Кристина Падроваға премьер-министрі Әлихан Смайыловтың "Алғыс хатын" табыстап, сый-сияпат көрсеттік.

Жүрегі мейірімге толы жасөспірімнің мұндай қасиеті барша жастарға үлгі боларлық іс", – деп жазды Мұрат Әйтенов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 13 жастағы Павелдің игі ісі жайлы желіде "Добряки Шымкента" паблигі жазған еді. Парақша авторларының жазуынша, бесінші сынып оқушысы Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде анасы түскі асқа берген ақшаға макарон (кеспенің түрі) сатып алып келген.

Павелдің бұл әрекеті желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Олар оқушының ата-анасын алғысын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009559-anasy-tuski-as-alu-usin-bergen-aqsaga-turkiyada-zilzaladan-zardap-sekkenderge-azyq-tulik-satyp-algan-oqusy-marapttaldy-foto-video/

pixel