Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенатор Павлодар әуежайына Қаныш Сәтбаевтың есімін беруді ұсынды

Опубликовано:

Әуежайдың іші
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Сенатор Алтынбек Нухұлы академик, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары идеологиялық деңгейде атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сенат депутаты еліміздің премьер-министріне жолдаған сауалында Шығыс елдерінен шыққан тұңғыш академик, ғалымның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігі туралы айтты.

Ол осы шаралар жоспарын қарау және бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды да ұсынды. Депутат онда жалпы мемлекеттік және өңірлік шаралар қамтылғанын атап өтті.

"Ғалымның туған елі – Павлодар қаласының әуежайына "Академик Қаныш Сәтбаев" есімін беруді және алғашқы академиктің 10 томдық толық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтырып, жаңадан екі тілде шығаруды ұсынамыз.

Қазақстандағы Сәтпаев музейлерін заманауи талаптарға сәйкес қалыпқа келтіру, Қаныш Сәтпаевтың туған жерінде мемориалдық кешен салу және бұған дейінгі депутаттық сауалда көтерілген 30 шақырымдық туристік жолды салуды бастау маңызды", – дейді сенатор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009722-senator-pavlodar-auezaiyna-qanys-satbaevtyn-esimin-berudi-usyndy/

pixel