Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар бүгін елге қайтады
Жарияланған күні:
Түркияда болған алапат жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмысымен айналысқан қазақстандық құтқарушылар елге қайтады. Бұл туралы "Астана" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылардың бірінші эшелоны Түркиядан Алматы қаласына 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 23.10-да келеді. Қазақстандық құтқарушылар Түркияда үйінді астынан 88 адамның денесін шығарды және 7 адамды құтқарды.
"Қолымыздан келгенше күшіміздің бәрін салдық. Күн-түн демей, кезекшілікке бөлініп, құтқарушыларымыз жұмыс істеп жатыр. Өте қауіпті жұмыс екенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Басқа мемлекеттердің, осы түрік елінің құтақрушыларының да жарақат алғанын көріп жатырсыздар. Тәртіптің арқасында осы жұмысты аман-есен аяқтап жатырмыз", - деді Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев.
Айта кетелік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен соң қазақстандық құтқарушылар зілзала ошағына барып, құтқару жұмыстарына қатысқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009933-turkiyadagy-qazaqstandyq-qutqarusylar-bugin-elge-qaitady/