Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жексенбі күні еліміздің ең ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ

Опубликовано:

Аққулар
Аққулар. Фото: pexels.com

Бүгін, жексенбі яғни 19 ақпанда Алматы мен Шымкентте ауа райы жылынады деп күтілуде. Ал елорда тұрғындары үшін әлі де күн аязды болмақ, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде, бірақ ауа райы ашық болуы мүмкін. Елордада күндіз -10...-12, түнде -13...-15 градус аяз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Метеорологтардың болжамынша, бүгін Алматыда қар жауып, жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы күндіз +1...+3 градус жылы, түнде -2...-4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с болмақ.

Ал шымкенттіктерді жылы әрі шуақты күн күтіп тұр. Ауа райы +8…+10 градусқа дейін жылынады. Түнде термометрлер +1…+3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009966-zeksenbi-kuni-elimizdin-en-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolmaq/

pixel