Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда полициясы астаналықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астана полициясы өзінің ресми Instagram парақшасында елорда тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жариялады. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Астана қаласы ПД мәліметінше, 20 ақпан күні елордада 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ауа райының нашарлауына әрі қардың көп жаууына байланысты, қала полициясы жол қозғалысы қатысушыларына үндеу жасап, оларға жолда барынша сақ болуға шақырды.

"Жол ережелерін, қауіпсіз ара қашықтықты, көлікті басқару және көліктің екі жақ жанының интервалын қатаң сақтаңыздар. Көлік иелеріне жылдам бұрылу, тез жүру және кенеттен тежегішті басу сынды әрекеттерден бас тарту керек, себебі ол ауа райы қолайсыз кезде көлікті басқара алмау оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

Сонымен бірге көлікті айдаған сәтте гаджеттерді пайдаланбаған абзал. Жол жүргендеріңізде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қосымша шара қабылдау мәселесіне баса назар аударыңыздар", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Бұдан бөлек тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді жолды кесіп өткенде гаджеттерге қарамауға, құлаққапты шешуге және жақын арада келе жатқан көлік жоқ екеніне толығымен көз жеткізуге шақырды.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары жол-көлік оқиғалары санын барынша азайтуға жол ашатын көрінеді.

Сонымен бірге астаналықтарға қар тазалау техникасына бөгет жасамау үшін, жеке көліктерін жол жүретін жерлерге қоймауға кеңес берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010166-elordalyq-policeiler-astanalyqtarga-undeu-zasady/

pixel