Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі әскери оқу орнында оқып жүрген қазақстандық курсант көз жұмды

Опубликовано:

Сарбаз
Сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында оқып жүрген қазақстандық курсант көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында хабарлады.

"Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісінің 3 курс курсанты қаза тапты.

Ол 2020 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, "Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын.

"ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы 2022 жылғы тамызда "Шөлдала" шекара заставасында мерт болған мерзімді әскери қызметшінің қазасына байланысты жүріп жатқан тергеу барысы туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010258-reseidin-askeri-oqu-ornynda-oqyp-zurgen-qazaqstandyq-kursant-koz-zumdy/

pixel