Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура: "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің елден шығып кетуіне көмектескен тұрғын ұсталды

Опубликовано:

Имашев, Қоспаев, Шалин. Фото
Имашев, Қоспаев, Шалин. Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Жамбыл облысында "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізді деген күдікпен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы ресми сайтында.

Ведомствоның хабарлауынша, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптары бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) күдікке ілінген ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевқа халықаралық іздеу жариялаған болатын.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес аталған тұлғалар Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен. 2022 жылғы 10 қарашасында Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық істі тіркеді.

2022 жылғы 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылды.

Прокуратурамен жүргізілген үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген тұлғаларды, 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды", - делінген Жамбыл облысының прокуратурасының хабарламасында.

Ведомство күдікті кінәсін толық мойындағанын, қазіріг таңда аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын және іс прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010742-kospaev-uiymdasqan-qylmystyq-top-muselerin-memlekettik-sekaradan-otkizdi-degen-kudikpen-turgyn-ustaldy/

pixel