Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Air Astana ұшақтарының ұшу кестесі өзгереді

Опубликовано:

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Көрнекі сурет: https://t.me/PR_AirAstana

"Air Astana" әуекомпаниясы Елорда әуежайында жазда жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті, деп хабарлайды компанияның ресми Telegram-каналында.

"Астана әуежайының 2023 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында (күн сайын 11.00-ден 18.00-ге дейін) ұшу-қону жолағын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстары туралы ақпаратына сәйкес, Air Astana әуекомпаниясы елордадан және елордаға қатынайтын рейстер кестесіне қажетті өзгерістер енгізіп жатыр",- делінген хабарламада.

Әуекомпанияның мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары жүргізілетін мерзімге жоспарланған рейстер алдыңғы немесе кейінгі даталарға ауыстырылады.

"Өзгерістер енгізілген рейстер бойынша билет сатып алу орындарында жолаушыларға билеттерді тегін қайта брондау немесе толық қайтару ұсынылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары осы жылдың 15 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010782-elorda-auezaiyndagy-zondeu-zumystaryna-bailanysty-air-astana-usaqtarynyn-usu-kestesi-ozgeredi/

pixel