Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа туған нәрестенің бауырынан жарты келі ісік алынды

Жарияланған күні:

нәрестенің аяғы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалып, сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды. Күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

"3 ақпан күні 3 күндік нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада "оң жақ бауырдың туабітті түзілісі" диагнозы қойылған", – деді педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонатальды хирургі Қанат Әшірбай.

Айта кетейік, нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығына жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010817-almatyda-zana-tugan-narestenin-bauyrynan-zarty-keli-isik-alyndy/