Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ оқиға орнынан жаңа суреттер жариялады

Опубликовано:

БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ оқиға орнынан жаңа суреттер жариялады
БҚО-дағы тікұшақ апаты. Фото: https://t.me/qr_tjm

Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс Қазақстан облысындағы бөлімшелері әуе апаты орнында комиссия мүшелері үшін ТЖМ вахталық автобусы базасында жылжымалы жылыту пунктін ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның ресми Телеграм-каналында.

Ведомсто мәліметінше, мүдделі тұлғаларды оқиға орнына жеткізу үшін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайдар департаменті тарапынан жүріп өту мүмкіндігі жоғары "Трэкол" автомобилі жұмылдырылған.

"Қираған тікұшақтың сынықтары мен бөліктерін сақтауға арналған қоймалар және ангарлар іздеу, оларды жүк автотехникасы мен крандарды тарта отырып жеткізді қамтамасыз ету мәселелері пысықталды",- делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын тергеумен Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері және ІІМ көліктегі полиция департаментінің мамандары айналысуда.

Сондай-ақ тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері тергеу жұмыстарына қатысып жатыр.

БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ оқиға орнынан жаңа суреттер жариялады
БҚО-дағы тікұшақ апаты болған оқиға орны. Фото: https://t.me/qr_tjm

БҚО-дағы тікұшақ апаты: ТЖМ оқиға орнынан жаңа суреттер жариялады
БҚО-дағы тікұшақ апаты болған оқиға орны. Фото: https://t.me/qr_tjm

Еске сала кетейік, БҚО-да әуе апатынан аман қалған Сергей Щеглов оқиғаның қалай болғанын айтқан еді.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөні мен суретін жариялап, оқиғаның жай-жапсарын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010855-bqo-dagy-tikusaq-apaty-tzm-oqiga-ornynan-zana-suretter-zariyalady/

pixel