Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы Алғыс айту күні: тарихы мен тойлау дәстүрі

Опубликовано:

Еліміздегі алғыс айту күні: тарихы мен тойлау дәстүрі
1 наурыз - алғыс айту күні. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қабылданған оңтайлы шешімдердің бірі - көктемнің алғашқы күнін Алғыс айту күні ретінде бекіту. Қазақ еліндегі қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланып отыр. Алғыс айту күнінің мәні неде? Мақаламызда осы жөнінде кеңінен тарқатып айтамыз.

Алғыс айту күнінің тарихы

Қазақстанда Алғыс айту күнін қашан атап өтіледі? Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы алғыс айту күні Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елдегі мерекелер тізіміне енгізілген болатын. Алғыс айту күні Қазақстанның соңғы жүзжылдықта бастан өткерген тарихи оқиғаларының көрінісі іспеттес.

ХІХ ғасырдың аяғында қазақтардың титулдық ұлт ретінде халық арасындағы саны басым болды. Бірақ ХХ ғасырдағы оқиғалар халықтың құрамын айтарлықтай өзгертті. Бұған мына жағдайлар әсер етті:

  • Ресей империясының көші-қон саясаты. Орта Азияға орыс және украин деревняларынан жері жоқ шаруалар қоныстандырылды.
  • 30-жылдардағы аштық пен індет. ХХ ғасыр 1,5 миллион қазақтың өмірін қиды.
  • Сонымен бірге ұжымдастыру кезінде 250 мың шаруаны Қазақстанға алып келді.
  • Өнеркәсіп кәсіпорындарын салуға басқа республикалардан 1 миллионнан астам жұмысшы келді.
  • 1937-1944 жылдары Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам жер аударды.
  • 1950 жылдары тың игеріліп жатқан кезде Қазақстанға көшіп келушілердің кезекті толқыны келді.

Қазақстанға өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде келген барлық адам жергілікті халықтың қонақжайлылығының, рухани және мәдени әдет-ғұрыптарының арқасында осы жерден пана тапты. Бірақ титулдық ұлттың өзі осындай процестердің нәтижесінде аз болып шықты, әрбір онжылдықта халықтың саны шамамен 30-40 пайызды құрады.

Бұл жағдай 1980 жылдардың аяғында шетелдердегі қазақтардың тарихи атажұртына оралған кезеңінде өзгере бастады. Ал көптеген өзге ұлт үшін Қазақстан туған елге айналды. Бүгінгі таңда халықтар құрамында этникалық орыстар, өзбектер, ұйғырлар, украиндар, татарлар және басқа ұлт өкілдері бар. Қазір Қазақстанда 17 дінді ұстанатын 130 этностың өкілі тұрады.

Еліміздегі алғыс айту күні: тарихы мен тойлау дәстүрі
Жайлаудағы киіз үй. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты барлық этнос өкілінің тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Алғыс айту күні неліктен 1 наурызда тойланады? Егемен елімізде 1995 жылы 1 наурызда президент жанындағы консультативтік-кеңестік мекеме ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды. 2016 жылы бастау алған жаңа мерекенің мерзімі осы күнге сәйкес келеді.

ҚХА Қазақстан Республикасының ұлттық саясатында елеулі орын алып, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етеді. Әр облыста Ассамблеяның жергілікті ұйымдары құрылып, жүздеген этномәдени бірлестіктердің жұмысын жүзеге асырып келеді.

Алғыс айту күнінің мақсаты қандай? Бұл мереке көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін үлгі етуге бағытталған. Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдіретін күн болып саналады.

Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Виктор Малиновский елімізде этносаралық қатынастарды үйлестіруге қол жеткенін, "аз ұлт" деген ұғымның жоқ екенін, барлық қазақстандық өзін біртұтас халықтың негізгі бөлігі ретінде сезінетінін жазады.

Алғыс айту күнін тойлау дәстүрі

Алғыс айту күні Қазақстанда жаңа мереке, оны тойлау дәстүрінің негізі енді ғана қаланып жатыр. Бірақ бұл мейрам бүгінде еліміздің тұтастығын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетеді. Ұлттық мерекенің барлық іс-шарасы ортақ тарихи жадының, қазақ ұлтына деген ризашылықтың көрінісіне айналды.

Қазақстанда Алғыс айту күні қалай тойланады? 1 наурызда мәдениет, өнер, білім беру мекемелерінде, мұражайлар мен кітапханаларда мерекелік шаралар өтеді. Барлық аймақтағы Достық үйлері ұлт өкілдеріне қолдау көрсететін орталыққа айналды.

Елордада "Қазақ еліне мың алғыс" монументі жанында өтетін салтанатты алғыс айту шарасы осы күннің маңызды шараларының бірі саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінде концерттер, көрмелер мен этномәдени шығармашылық жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Бүгінгі күні қайырымдылық концерттері мен мынадай іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды:

  • Қиын-қыстау заманда елімізге жан сауғалап келген жандар үшін аштық пен дерттен құтқаруға себеп болған қымыз және басқа да ұлттық өнімдер мен тағамдарға арналған көрмелер.
  • Соғыс және еңбек ардагерлеріне алғыс білдіру акцияларында ел үшін тер төккен тұлғаларды өскелең ұрпақ құттықтап, алғыс хаттар, азық-түлік қоржындарын табыс етеді.
Еліміздегі алғыс айту күні: тарихы мен тойлау дәстүрі
Шаңырақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алғыс айту күнінде білім ошақтарында түрлі шаралар өтеді. Негізгі мақсат балаларды мейірімділікке, ұқыптылыққа, айналадағы адамдарға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болып саналады. Мектептерде "Қазақстан – бейбітшілік пен келісім елі", "Достық шаңырағының астында", "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз" атты символикалық атаулармен сынып сағаттары, патриоттық сабақтар ұйымдастырылады. ҚХА ғылыми сарапшылары мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттерге дәрістер топтамасын оқиды.

Қазақстанда өмір сүретін халықтар үшін көктемнің алғашқы күні "рахмет" сөзімен басталады. Еліміздегі әрбір этностың бастан кешкен тағдыры олардың діліне де әсер етіп, ортақ құндылықтар мен мұраттарды қалыптастырды. Осылайша алғыс айту күні түрлі мәдениет пен патриотизмнің мерекесіне айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010946-qazaqstandagy-algys-aitu-kuni-tarixy-men-toilau-dasturi/

pixel