Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда жекеменшік балабақшада екі жасар бүлдіршіннің аяғы күйіп қалды

Опубликовано:

Жалаңаяқ тұрған сәби
Сәби. Көрнекі фото: Рexels.com

Қарағандыда жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар сәбидің аяғын күйік шалды. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұған дейін интернетте балабақшада баланың термиялық күйік алғаны туралы ақпарат пайда болған.

"Жұмысшылардың айтуынша, мынадай жағдай орын алған. Олар баламызды жуындырмақ болып, қараусыз қалдырған, соның салдарынан баланың аяғын 2-3 дәрежелі термиялық күйік шалған, денесінің 4 пайызы зақымдалған. Ұлым әлі емделіп жатыр. Біз барлық кінәлілер жазалануы үшін әділдікке жетуге тырысудамыз", – деп жазды қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде жарақаттың суреті мен видеосын мәтінге тіркеп.

Екі жасар баланың табаны күйіп қалды
Табаны күйіп қалған бала. Фото: Еkaraganda.kz

Басылымға облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйіп қалу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі (жұмыстарды орындау не тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының білім басқармасы бұл балабақша ведомствоның теңгерімінде емес екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011172-qaragandyda-zekemensik-balabaqsada-eki-zasar-buldirsinnin-ayagy-kuiip-qaldy/