jitsu gif
Оқыс оқиға

    "Ауа жетпей қалады": Түркияда болған құтқарушы адамды тоңазытқыш аман алып қалатынын жоққа шығарды

    Исламбек Амангелдинов сұхбат беруде
    Исламбек Амангелдинов. Фото: "Сұрауы бар" бағдарламасы

    Түркияның Нұрдағы қаласындағы жойқын жер сілкінісінен соң құтқару жұмысына қатысқан қазақстандық Исламбек Амангелдинов тың мәліметпен бөлісті. Құтқарушы желіні кезіп жүрген тоңазытқыш туралы қауесеттерге нүкте қойды, деп жазады "Сұрауы бар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бізге 7 ақпан күні Түркиядағы құтқару жұмысына баратынымыз туралы пәрмен түсті. Бәрімізде де қобалжу болды. Себебі біз халықаралық деңгейдегі құтқару жұмыстарына қатысып көрмегенбіз. Одан бөлек, Астана тектоникалық аймаққа жатпайтындықтан, жер сілкінісі дегенді де сезбеген едік. Барған соң бізге объект берді. Тірі адам табуды мақсат еттік. Алғашқы тірі адамды үш сағаттан соң таптық-ау деймін. Оның дем алғанын естіп, үш адам болып іздей бастадық. Қасымдағы әріптесім тапты, елу жас шамасындағы ер адам екен", - дейді ол.

    Сондай-ақ Исламбек тоңазытқыш маңына немесе ішіне тығылу арқылы жер сілкінісінен аман қалу мүмкіндігінің жоқ екенін жеткізді.

    "Шыны керек, құламай, мыжылмаған қалпында тұрған тоңазытқыш көрген жоқпыз. Тоңазытқыш құтқарды дегенді де естімедік. Үйдің жиһазы да, тоңазытқыш та біркелкі плиталардың астында жатты. Басқа да факторларды қарастыру керек. Себебі тоңазытқыш есігі жабылған соң ішінде ауа болмайды. Жер сілкініп, адам тоңазытқышқа тығылды делік. Плиталар құлаған кезде адамдар есігін қайта аша алмайды. Есік ашылмаған соң, ауа жетпей, тұншығып қалуы мүмкін", - деді Исламбек Амангелдинов.

    "Ауа жетпей қалады": Түркияда болған құтқарушы адамды тоңазытқыш аман алып қалатынын жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.