Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа мурал Жезқазған байыту фабрикасының аумағына сән беріп тұр

Опубликовано:

Мурал
Фото: Kazakhmys Holding

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған байыту фабрикасының №1 ұсақтау цехының ғимаратына жаңа мурал салынды.

Муралда Ұлытаудағы «Ұлт бірлігі» монументі, көкте қалықтаған қыран мен ұлттық орнаменттер көрініс тапқан.

Сонымен қатар, фабрика аумағындағы жоғары вольтты шиналар галереясының қабырғасына Абай Құнанбайұлының «Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле» деген нақыл сөзі жазылып, Ұлытау көріністері бейнеленген.

Мурал авторлары жұмыс барысында экофасад бояулары қолданылғанын, муралдардың жауын-шашынға төзімділігін, кемінде үш жыл мерзімге кепілдік берілетінін айтады.

Бұған дейін ЖК «Ратов Е.» суретшілері Жезқазған қаласы Алашахан даңғылында «Алтын адам», «Тәуелсіздік» монументі, «Рухани жаңғыру», Анарқұлов көшесінде «Ы. Алтынсарин» муралдарын салып, жезқазғандықтардың ықыласына бөленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011345-zana-mural-zezqazgan-baiytu-fabrikasynyn-aumagyna-san-berip-tur/

pixel