Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге Қазақстан тағы да 100 киіз үй жібереді

Опубликовано:

Киіз үйлер
Киіз үйлер. Көрнекі фото: Рixabay.com

Осыған дейін Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар жүзден аса киіз үй жіберген болатын. Зілзаладан зардап шегіп, баспанасыз қалғандар түркиялықтарға Қазақстаннан тағы да 100 киіз үй жіберіледі. Бұл жолғы көмекті Алматыдағы кәсіпкерлер ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Арна мәліметінше, киіз үйлер Алматыдан Түркияның апат аймағына бүгін жөнелтіледі. Кәсіпкерлер дайындаған жүз киіз үйді Түркиядағы елшілік күтіп алып, баспанасыз қалған бауырларға бөліп бермек.

"Қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысып жатырмыз. Қазіргі таңда жүзден астам киіз үй алып, оның 32-ін бүгін жіберуге тырысамыз. Одан бөлек, біз қаржылай және де азық-түлік, қолымыздан келген көмектің бәрін көрсетуге тырысамыз", – деді ұйымдастырушы Мөлдір Дүйсенова.

Ал Түркияның бас консулдығының өкілі Сыддык Каяның айтуынша, қазіргі уақытта халыққа ең керегі киіз үйлер екен.

"Қиын уақытта Қазақстандағы аға-бауырларымыздан ұмытылмас көмек алып отырмыз. Мұның бәрі ең алдымен адамгершілік, ал екіншіден екі ел арасындағы берік қарым-қатынастың дәлелі. Түркияға гуманитарлық көмек көп келіп жатыр. Ал Қазақстаннан жіберілетін киіз үйлер – дәл қазір ең керегі", – деді Түркия бас консулдығының өкілі Сыддык Кая.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін журналист Нұрбек Бекбау зілзаладан зардап шеккендерге киіз үй жіберу үшін халықтан жылу жинаған болатын.

Түркияның табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы елде ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артқанын хабарлады.

Anadolu агенттігінің жазуынша, Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 45 089 адамға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011396-turkiyada-zilzaladan-zardap-sekkenderge-qazaqstan-tagy-da-100-kiiz-ui-ziberedi/

pixel