Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін зауыт директорымын деп таныстырған ер адам астаналық әйелден 91 млн теңге алған

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған әйел
Телефон қарап отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Астанада өзін зауыт директорымын деп таныстырып, астаналық әйелден 92 миллион теңгеге жуық ақшасын алдап алған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Астана соттары баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Астана соттары" ресми парақшасының дерегінше, ер адам әйелмен әлеуметтік желіде танысып, хаттарында оған ғашық екеніне сендірген.

"Сотталушы банкротқа ұшыраған зауыт директорының образына еніп, әйелге басқа да жалған мәліметтерді, соның ішінде жақындарының қайтыс болғанын айтқан. Соның салдарынан ақшаға аса мұқтаж екенін жеткізіп, жәбірленушіні алдаған. Оған әйел белгілі бір уақыт ішінде онлайн-банкинг арқылы әр түрлі сомадағы ақша аударған", - делінген сот хабарламасында.

Осы ретте сот астаналық әйел алаяққа барлығы 91,6 миллион теңге бергенін хабарлады.

Нәтижесінде, ер адам Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушіге 91 миллион теңге материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Апелляциялық шағымда сотталушы тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баласының, жұмыссыз жұбайының болуын, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұраған. Алайда сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011640-ozin-zauyt-direktorymyn-dep-tanystyrgan-er-adam-astanalyq-aielden-91-mln-tenge-algan/

pixel