Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер: Зілзала аймағында техника мен жылаған адамдардың даусы қатар шығып жатты

Опубликовано:

Қуат Ыбыраев алғыс хат алуда
Қуат Ыбыраев. Фото: Inform.kz

Бүгін Түркияға көмекке барған ел құтқарушылары марапатталды. Еңбегі жоғары бағаланып, құрмет көрсетілген мамандардың арасында Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицина орталығының дәрігері Қуат Ыбыраев та бар, деп жазады inform.kz.

Ол марапаттау рәсімінен кейін Түркиядағы төтенше жағдай аймағында атқарған қызметі туралы айтып берді.

Қуат Ыбыраев әріптестерімен бірге Түркияда 12 күн болып, жедел көмекті қажет еткен жергілікті халыққа жәрдем көрсеткен.

"Онда барғанда біз өзіміздің медициналық модульдің құрылысын ұлғайттық. Сонымен қатар бізбен бірге барған құтқарушылардың жұмысына көмектесіп, жедел медициналық көмекке мұқтаж жергілікті халыққа да жәрдем жасадық.

Түрік халқының басына түскен зілзаланы ешкімінің басына бермесін. Өте қиын жағдай болды. Жер сілкінісі аймақтарында жұмыс істеген техниканың дауысы мен жылаған адамдардың дауысы қатарласа шығып жатты. Әсіресе, бұл психологиялық тұрғыдан қиын сәт болды", - деп еске алды марапат иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011969-dariger-zilzala-aimagynda-texnika-men-zylagan-adamdardyn-dausy-qatar-sygyp-zatty/

pixel