jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қарағандылық оқушы 27 түлегі Нобель сыйлығының иегері атанған әйгілі оқу орнынан шақырту алды

Адина Жайлова
Адина Жайлова. Фото: Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Адина Жайлова АҚШ-тың үздік төрт университетінен оқуға шақырту алған. Олардың ішінде әйгілі Джон Хопкинс университеті де бар, деп хабарлайды Қарағанды қаласының әкімдігі ресми сайтында.

Адина Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сыныбында оқиды. Ол өз өтінімдерін бірнеше әлемдік жоғары оқу орнына жіберген.

Нәтижесінде Джон Хопкинс университетінен (John Hopkins University), сондай-ақ Питтсбург (University of Pittsburgh), Мичиган штатындағы (Michigan State University) және Бостондағы (Northeastern University) университеттерден оқуға шақырту алған.

Адина Джон Хопкинс университетін таңдаған. Бұл университет - АҚШ-тағы оқыту мен ғылымды біріктірген алғашқы оқу орны. Джон Хопкинс университетінің түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.

Адина болашақта биохимияны зерттеуді жоспарлап отыр.

"Университетте биохимияны оқығым келеді. Менде екінші курстың соңында мамандық туралы шешім қабылдауға мүмкіндігім бар. Қазақстанда ғылымның дамуына өз үлесімді қосу үшін PhD алуды жоспарлап отырмын", - дейді Адина Жайлова.

Адинаның сөзіше, қазір ол бар күш-жігерін оқуға және өзін-өзі дамытуға арнап отыр.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінде іріктеуден өту өте қиын, жыл сайын оған 30 мыңнан астам адам түсуге тырысады, бірақ үміткерлердің тек 6 пайызы ғана өтеді.

Қарағандылық оқушы 27 түлегі Нобель сыйлығының иегері атанған әйгілі оқу орнынан шақырту алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.