Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әскери қуаты бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында тұр

Опубликовано:

Қазақстанның қарулы күштері
Қазақстанның қарулы күштері. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекеттердің әскери қуатының деңгейі бойынша жүргізілген әлемдік рейтингте Қазақстан 145 елдің ішінде нешінші орында тұрғаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Порталдың жазуынша, Global Firepower сарапшылары жүргізген әлем елдерінің әскери қуатының деңгейі бойынша рейтинге Қазақстан 145 елдің ішінде 63-орында тұр.

Қазақстанның индексі - 1,0873. Порталдың мәліметінше, бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, мемлекеттің әскери қуаты соғұрлым жоғары дегенді білдіреді.

Рейтинг сарапшылары әскери күштердің деңгейін армияның қабілетіне әсер ететін 60 түрлі фактор бойынша бағаланған. Нақтырақ айтсақ, бұл факторларға қорғаныс шығындарының деңгейі, техника мен құрал-жабдық арсеналы, әскер саны, танктер, кемелер, ұшақтар және басқа да әскери техникалардың саны, мұнай, көмір және басқа да ресурстарға қолжетімділік жатады. Бұл ретте, сарапшылар елде ядролық қарудың бар-жоғы факторын есепке алмаған.

Әскери қуаты ең жоғары елдердің көшбасында АҚШ, Ресей, Қытай, ал рейтингте ең соңғы орында Бутан мемлекеті тұр.

Global Firepower сарапшыларының дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанның авиациясында 237 ұшатын аппарат бар. Оның ішінде 75-і жауынгерлік тікұшақ, 39-ы шабуылдаушы ұшақ, 81-і жойғыш ұшақ, 17-і көлік және 25-і оқу-жаттығу ұшағы.

Сондай-ақ елдің құрлықтағы қарулы күштерінде 300 танк, 5200 әскери құрышпен қапталған көлік, 246 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 456 сүйретілетін артиллериялық қондырғы және 407 көп реттік зымыран жүйесі бар.

Әскери қызметкерлердің жалпы саны 77 мың адамды құрайды, оның ішінде 45 мың қызметтегі әскери қызметкер, ал 32 мыңы әскерилендірілген құрамаға жататын адамдар.

Мемлекеттердің әскери қуаты деңгейі бойынша рейтинг
Мемлекеттердің әскери қуаты деңгейі бойынша рейтинг. Инфогарфика: finprom.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012013-qazaqstan-askeri-quaty-boiynsa-alemdik-reitingte-nesinsi-orynda/

pixel