Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда гүл сатушылары 8 наурыздан кейін үйілген қоқыс қалдырып кеткен (фото, видео)

Опубликовано:

Қаланы қоқыстардан тазартып жатқан тазалау қызметі
Алматыда 8 наурыздан кейін үйілген қоқыстардан тазарту сәті. Фото: t.me/almaty_akimat

8 наурыз қарсаңында Алматыда гүл шоқтарын сататын арнайы шатырлар жұмыс істеді. Мерекеден кейін сатушылар қаланың жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегін қоқсытып кеткен.

Алматы тұрғындары кейбір қала көшелерінің қоқсып жатқанына шағымданды. Оқиға куәгерлері желіде видеолар мен фотосуреттерді жариялады. Үйілген қоқыс түсірілген видеолардің бірі kris.p.brothers Instagram желісінде жарияланған.

Кадрлардан жол жағасында жатқан гүл орайтын мыжылған қағаздарды, целлофан орамаларды көруге болады. Сондай-ақ тротуарлардың ортасында жерде шашылып жатқан өтпей қалған қызғалдақтар, қоқыс жәшігінің қасынан гүл шоғын орайтын баулар мен басқа да қоқыстардың үйіліп жатқанын видеодан байқауға болады.

"8 наурыз өтті. Сатушылардың бәрі сатарын сатып, кетіп қалған. Қоқыстың бәрін тастап кетті", - дейді видеода ашуланған азаматтардың бірі.

Видео авторы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлеріне бұндай қоқыс көлемін жинау қиынға соғады деген пікірде.

Жағдайға байланысты Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері түсініктеме берді. Құзырлы мекеме өкілдері 7-8 наурыз күндері қала бойынша гүл сататын базарлар ұйымдастырылғанын, одан кейін көгалдар мен арықтарда қоқыс үйінділері пайда болғанын айтты.

Олардың айтуынша, 9 наурызға қараған түні және таңертең қалалық тазалау қызметі өз міндеттерін орындаудың орнына, қоқыс толған сауда дүңгіршектерінің орнын тазартып, бұл аумақтардың санитарлық нормаларға сай болуы үшін жұмыс істеген.

Қоқыстан тазарту жұмыстары
Қоқыстан тазарту жұмыстары. Фото: t.me/almaty_akimat

"Осыған байланысты алматылықтарға айтарымыз бар. Біздің коммуналдық көріктендіру қызметшілері қаланы таза ұстауға тырысады, ал немқұрайлы қала тұрғындары оларға жұмыс қосады. Қала аумағында жүргізілген кез келген іс-шаралардан, жұмыстардан немесе саудадан кейін арнайы бөлінген жерлерде тазалық пен тәртіпті қалпына келтіруді қамтамасыз етуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қоқыс салынған жүкі көлігі
Алматыда 8 наурыздан кейін үйілген қоқыстардан тазарту сәті. ФОТО: t.me/almaty_akimat

Сонымен қатар басқарма көріктендіру ережелерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің" 505 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Қоқыс тазалар жүрген жұмысшылар
Алматыда 8 наурыздан кейін үйілген қоқыстардан тазарту сәті. Фото: t.me/almaty_akimat

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012321-almatyda-gul-satusylary-8-nauryzdan-keiin-uiilgen-qoqys-qaldyryp-ketken-foto-video/

pixel