Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркиядағы жағдай сабақ болуы керек": Әлихан Смайылов Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздікке баса назар аударды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов Алматыдағы жиында
Әлихан Смайылов. Фото: hprimeminister.kz

Алматыға жұмыс сапарымен келген премьер-министр Әлихан Смайылов қаладағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды, деп жазады премьер-министрдің ресми сайты.

Оның айтуынша, Түркия мен Сирияда болған табиғи апаттар біздің еліміз үшін, әсіресе Алматы үшін үлкен сабақ болуы тиіс.

Ол соңғы рет қаладағы нысандарды паспорттау 2017 және 2018 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп, қысқа мерзімде аудит жүргізіп, сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі пәрменді шараларды іске асыруы тиіс.

"Бұл мәселелерде әлемдік тәжірибені тек Алматыда ғана емес, еліміздің жер сілкінісіне ұшырауы ықтимал басқа да өңірлерінде пайдалану қажет. Уәкілетті мемлекеттік органдар бұған дейін алынып тасталған жобалау, құрылыс және бақылау процестерін заңнамалық тұрғыда қатаңдату мәселесін шұғыл түрде қарастыруы керек", — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, премьер-министр шаһардағы қала құрылысы саясатын жақсарту қажеттігіне, бұл әсіресе Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарының жобасын талқылау және келісу аясында өзекті екеніне назар аударды.

"Әкімдік қала құрылысы кезінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жіберілген қателіктерді ескеруі керек. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, құрылыс нысандарының биіктігі мен тығыздығына ерекше назар аудару қажет", — деді ол.

Соңында үкімет басшысы қаланың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шараларды кешенді іске асырудың және Алматы агломерациясын дамыту жоспарын жедел пысықтаудың маңыздылығын атап көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012525-turkiyadagy-zagdai-sabaq-boluy-kerek-alixan-smaiylov-almatydagy-seismikalyq-qauipsizdikke-basa-nazar-audardy/

pixel