Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салмағы 7 келіге жуық": Қостанай облысында алып қыз бала дүниеге келді (фото)

Жарияланған күні:

6,7 келі салмақпен дүниеге келген сәби анасымен
6,7 келі салмақпен дүниеге келген сәби анасымен. Фото: Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі

Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 6,7 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Костанайские новости" порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, нәрестенің бойы – 69 см.

"Акушерлік тәжірибеде 4-5 келі салмақ дүниеге келетін нәресте алып болып саналады. Ал сәбилердің 6 келі және одан да көп салмақпен дүниеге келуі бұл - сирек кездесетін жағдай", – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Басылымның мәліметінше, сәбидің салмағы қалыптан тыс үлкен болғандықтан жоспар бойынша анасын дәрігерлер кесарь тілігі арқылы босандырып алған. Жаңа туған нәресте екі күн бойы реанимацияда жатқан.

"Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Анасы мен баласының жағдайы жақсы", – дейді перинаталдық орталық дәрігерлері.

Ата-анасы сәбиге Айару деген есім берген. Ол отбасындағы үшінші бала. Әулиекөлдегі үйінде оны әкесі, ағасы, әпкесі және үлкен отбасы күтіп отыр.

Сондай-ақ Әйгерім Долдашева қызының аман-есен өмірге келуіне атсалысқан барлық медицина қызметкеріне алғыс айтты.

Әйгерім Долдашева қызымен
Әйгерім Долдашева қызымен. Фото: Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012675-salmagy-7-kelige-zuyq-qostanai-oblysynda-alyp-qyz-bala-duniege-keldi-foto/