Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда телефон коды +77-ге өзгеруі мүмкін: Мусин анық-қанығын айтты

Опубликовано:

Ер адам ұялы телефон қарап отыр
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет кулуарында Қазақстан әдеттегі +7 емес, +997 жаңа телефон кодына көше ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, бұған дейін министр АҚШ-қа сапары барысында Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Қазақстанға +77 кодын беруді ұсынғанын айтқан болатын. Бағдат Мусин қазір қазақстандықтар қоңырау шалу үшін телефон нөмірлерінің басында +7 кодын қолданатынын атап өтті.

Еске салайық, 2021 жылы телефон кодын +997-ге ауыстыру мәселесі көтерілген болатын. Дегенмен, қазір Мусиннің айтуынша, +77 кодына көшу мүмкіндігі де талқылануда.

"Мен АҚШ-та болғанымда ХЭО басшысы Дорин Богдан-Мартинмен кездестім. Біз онымен бұл мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді бізге резервке қойды. Бірақ мен ХЭО бізге +7 орнына +77 қалдыруды ұсындым.

Бірақ ХЭО бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және мұндай өтініштер бойынша кездесулер, талқылаулар өткізуі керек. Олар бізге аталған ұсынысты талқылаймыз деп уәде берді, сондықтан біз Қазақстанда басқа елдермен бірге қолданылатын +7 емес, өзінің +77 коды болады деп үміттенемін", – деді министр.

Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде ЦДИАӨ министрлігі Қазақстан өзінің ұлттық халықаралық телефон кодына көшуі мүмкін екенін жариялады. Ресей Федерациясына да берілген +7 телефон кодының орнына біздің еліміз Халықаралық электр байланысы одағының Электр байланысын стандарттау бюросында + 997 нөмірін резервке қойғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012856-qazaqstanda-telefon-kody-77-ge-ozgerui-mumkin-musin-anyq-qanygyn-aitty/

pixel