"26 градусқа дейін жылы": алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы көктемгі жылуымен және шуақты күнімен қуантатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, жоғары атмосфералық қысым әсерінен 25-27 наурыз аралығында еліміздің көп бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.
Сондай-ақ 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аймақтарда тұман күтіледі.
Дегенмен, синоптиктер ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайтынын, бірақ кей өңірлерге нағыз көктем келетін болжап отыр. Мәселен, демалыс күндері:
- еліміздің батысында күндізгі уақытта +12-ден +26 градусқа дейін;
- солтүстік-батыста +5-тен +20 градусқа дейін;
- солтүстікте, шығыста және орталықта +2-ден +15 градусқа дейін;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +13-тен +25 градусқа дейін;
- таулы аймақтарда +8-ден +13 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013912-koktemgi-suaqty-kunimen-quantady-aldagy-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/